$ 458.13 € 502.29 ₽ 5.58

«Барыс» екі шайбалық басымдығын сақтай алмай, «Нефтехимиктен» жеңілді

Ойынның алғашқы минуттарында қазақстандық клуб алға шықты.

Фото: ХК “Барыс”
Фото: ХК “Барыс”

Астаналық «Барыс» Континенталдық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатында сырт алаңда ресейлік «Нефтехимиктен» жеңілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Нижнекамск қаласындағы «Нефтехим Аренада» өткен кездесу 4:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Ойынның алғашқы минуттарында қазақстандық клуб алға шықты. 5-минутта Всеволод Логвин басымдықты пайдаланып, есеп ашса, араға екі минут салып Семен Симонов «Барыстың» екінші шайбасын соқты.

Алайда алаң иелері таразы басын тез теңестірді. 11-минутта Александр Петунин, ал 22-минутта Артур Тянулин басымдықты пайдаланып, есепті 2:2-ге жеткізді.

Үшінші кезеңде Григорий Селезнев 48-минутта «Нефтехимикті» алға шығарды. Ал кездесудің соңғы минутында Иван Николишин бос қақпаға шайба салып, матчтың нүктесін қойды.

Осылайша, «Барыстың» қатарынан екі матчқа созылған жеңіс сериясы үзілді. Астаналық клуб 33 ұпаймен Шығыс конференциясында жетінші орында келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0