$ 443.85  474.3  4.8

Алматыда өтетін велошеру бағыты өзгерді

Велошеруді ұйымдастыру комитеті 12 қыркүйек Алматы қаласында өткізілетін кешкі велошеру бағытын өзгерту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, спорттық шара «Отбасылар күні» мен «Тур Алматы 2014» кәсіби веложарысын қолдауға бағытталған.

Велошеруге қатысушылар сағат 20.30-да Республика алаңында жиналып, 21.00-де сөре сызығынан асады. Мәре алаңы Мега-2 сауда, ойын-сауық орталығының алаңында белгіленген.

Велошеру Сәтбаев көшесімен батыс бағытта Розыбақиев көшесіне дейін, Розыбақиев көшесімен жоғары Мега-2 сауда, ойын-сауық орталығына дейін жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары