$ 442.05  474.14  4.74

Астанада Рафаэль Надаль мен Жо-Вильфрид Тсонганың матчы өтеді

Астанада 25 қыркүйек күні Ұлттық Теннис Орталығында әлемдік теннисте аты аңызға айналған жеке разрядтағы Үлкен Шлемнің 14 турнирінің жеңімпазы, әрі олимпияда чемпионының көрнекі матчы болады. Надальдің оппоненті – әлем теннисшілерінің үздік ондығына кіретін атақты француз теннисшісі Жо-Вильфрид Тсонга, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қазақстан теннис федерациясының ақпарынша, әйгілі теннисшілердің сапары тек қана көрсетілімдік матчпен шектелмек емес. Надаль мен Цонга «Team Kazakhstan», академиясының талантты жас теннисші-тәрбиеленушілеріне шеберлік сыныбын өткізеді, Назарбаев Университеті студенттерімен және халықаралық «Хейлибэри» мектебінің оқушыларымен кесдеседі, өздерінің жанкүйерлерімен автограф-сессия барысында жақын араласады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары