$ 447.4  477.55  4.76

Ертең Астана маңында дүбірлі аламан бәйге өтеді

Астана қаласы маңындағы Қабанбай батыр ауылы аумағында 14 қыркүйек күні «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткізілетін 43 шақырымдық аламан бәйгеден  «Алтын тұлпар» республикалық турнирі өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Турнирге республикамыздың барлық 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларының әрқайсысынан 10 бәйге ат бәсекеге түседі деп жоспарлануда. Жарысқа аттардың барлық тұқымдары қатыстырылады.

«Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің жүлде қоры да қомақты. Мәреге алғашқы жеткен 9 тұлпарға қаржылай жүлде беріледі. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылар тарапынан аты мен даңқы аңызға айналған Құлагер, Байшұбар, Қубас, Қарақасқа, Ақтабан, Боз ауыз, Тайбурыл, Көкбурыл, Шалқасқа, Тарлан атты номинациялары бойынша диплом және қаржылай сыйлықтармен марапатталады», делінген хабарламада.

Осы шара аясында «ат сыншысы» байқауы ұйымдастырылады. Ата дәстүрін жалғап, шын жүйрікті жазбай таныған сыншыға «Толыбай сыншы», «Күреңбай сыншы», «Кейхауыс сыншы» атындағы арнайы  жүлделер тағайындалған. Сондай-ақ, ұлттық жәдігерлер көрмесі мен ұлттық қөлөнер шеберлерінің шеберхана көрінісі ұйымдастырылып, ат тағалаушы шеберлердің жарысы өтеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары