$ 441.8  480.02  4.88

Кәрім Мәсімов триатлоннан Ironman қашықтығын бағындырмақшы

ҚР ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов Ресей триатлон федерациясының президентң Петр Ивановпен бірге триатлоннан Ironman қашықтығын бағындырмақшы. Бұл туралы Иванов өзінің Instagram-парақшасында жазды.
Мәсімовтің Қазақстан триатлон федерациясын басқаратынын айта кету керек.

"Қазақстан триатлон федерациясының президенті Кәрім Мәсімовпен бірлескен жарыс ұйымдастырып, судьялар мен бапкерлерді дайындау мәселелерін талқыладық. 3,8-180-42 қашықтығын бірге бағындыруға келістік", - делінген Ивановтың жазбасында.

Айта кетейік, Петр Иванов Ironman қашықтығын бұған дейін бағындырып қойған. Бұл триатлондағы ең күрделі жарыс болып есептеледі. Спортшы 3,8 шақырымды жүзіп, 180 шақырымды велосипедте жүріп өтіп, соңында 42 шақырымға жүгіруі тиіс. Қазақстанда мұндай триатлоншылар саусақпен санарлық қана.

Биыл Гавай аралдарында IRONMAN WORLD CHAMPIONSHIP атты триатлоннан дәстүрлі жарыс өтеді. Оған әлемнің ең үздік 30 спортшысы ғана қатыспақ. Сол отыздың бірі - қазақстандық Павел Артюшенко.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары