$ 442.05  474.14  4.74

Жансая Әбдімәлік «ерлер халықаралық гроссмейстері» нормасын орындады

АҚШ-тың Филадельфия қаласында «World Open 2017» ірі халықаралық турнирі өтті, оған қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік қатысты деп жазады ҚазАқпарат.

Турнирге 216 шахматшы қатысты. Олардың 33-і - ерлер гроссмейстері, 26-сы ерлер арасында халықаралық шеберлер. Жансая ықтимал тоғыз ұпайдың жетеуін иеленді, оның алтауы - жеңіспен, біреуі - тең ойынмен, біреуі жеңіліспен аяқталды.

Атап өтейік, бұл қазақстандық шахмат тарихында 17 жастағы бойжеткеннің ерлер халықаралық гроссмейстері нормасын орындаған  алғашқы жағдай. Финалдық кезеңде Жансая америкалық құрдасы Джеффри Ксенгпен ойнады. Турнир қорытындысы бойынша, барлық фавориттер мен мықты шахматшылар турнир кестесінде төмен сырғыса, Жансая халықаралық рейтингте 30 жолға көтерілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары