$ 441.58  480  4.86

Ауыратлет Альберт Линдер Қазақстан қоржынына Универсиаданың алғашқы алтынын салды

Тайпейде өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында ауыратлетіміз Альберт Линдер Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды әкелді деп жазады Vesti.kz.

69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен спортшымыз серпе көтеруде 148 келіні бағындырып, кореялық ауыратлетке есе жіберген (153 келі) болатын. Дегенмен жұлқа көтеруде Линдер қарсыласынан асып қана қоймай, Универсиаданың екі рекордын орнатты. Бастапқыда ол 180 келіні көтерді, ал екіншісінде - 185 келі. Қоссайыс қорытындысы бойынша қазақстандық споршы 333 келі көтерген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары