$ 442.05  474.14  4.74

Шотландиялық жанкүйерлер "Астананың" "Селтикті" 6:0 есебімен ұтатынына сенімді

Шотландиялық жанкүйерлер Еуропа Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетіп жатқан "Астана" мен "Селтик" арасындағы матчта елордалық команданың мерейі үстем болатынына сенімді. Олар тіпті есеп 6:0 болады деп қомақты ақша да тіккендерін айтып отыр. Бұл туралы The Daily Record басылымы хабарлады.

Глазгоның "Селтигі" өз елінде "Рейнджерс" футбол клубымен бәсекелес екені белгілі. "Астананың" жеңісіне бәс тіккендер де осы клубтың жанкүйерлері. Егер олардың болжамдары шығып, елордалық клуб 6:0 есебімен жеңіп жатса, тіккен ақшалары 500 еселенеді.

Ал, ақшаны қабылдаған букмекерлік кеңсе қызметкерлері "Астана" мұндай есеппен жеңе алмаса да жүрек жұтып, бәс тіккен жанкүйерлерге сыйақы беретіндерін мәлімдеп отыр.

Еске салайық, осыдан бір апта бұрын Глазгода өткен алғашқы ойында "Селтик" "Астананы" 5:0 есебімен ұтқан болатын. Қарымта ойын бүгін 21:30-да "Астана-Аренада" өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары