$ 447.4  477.55  4.76

Ауыратлет Айдар Қазов Қазақстан қоржынына Универсиаданың екінші алтынын салды

Тайбэйде өтіп жатқан XXIX жазғы Универсиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасының қоржыны екінші алтын медальмен толықты. Бұл жолы 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен ауыратлет Айдар Қазовтың мерейі үстем болды.

Қос жаттығу нәтижесінде жерлесіміз 331 келіні (145+186) бағындырып, Универсиада чемпионы атанып отыр. Бұл салмақта екінші орынды ресейлік Вячеслав Яркин (150+180), үшінші орынды канадалық Алекс Беллемаре (147+169) иемденді.

Осылайша қазақстандық ауыратлеттер жазғы Универсиада ойындарында ұлттық құрама қоржынына үш бірдей медаль салды. Ең бірінші болып 56 келіде өнер көрсеткен Арли Чонтей жарыстың қола жүлдегері атанса, кеше Альберт Линдер (69 келі) алтыннан алқа тақты. Бүгін Айдар Қазов чемпион болып отыр. Сонымен қатар, 100 метрге брасс әдісімен жүзген Дмитрий Баландин де жарысты үшінші орынмен аяқтады. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан ұлттық құрамасы 2 алтын, 2 қола медальмен 10-шы орында келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары