$ 442.05  474.14  4.74

«Астана» - «Селтик» кездесуінде соғылған барлық гол (ВИДЕО)

Еуропа Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдаманы сарапқа салған «Астана» мен «Селтик» арасындағы қарымта матч аса тартысты өтті.

Глазгодағы ойында 5:0 есебімен жеңіліп келген елордалық футболшылардың бұл жолдамадан үмітін үзгені әу баста белгілі болатын. Алайда, өз жанкүйерлерінің алдында намысты қолдан бергісі келмеген Стойлов шәкірттері «Селтик» қақпасына төрт бірдей гол соғып, сенсация жасаудың сәл алдында болды.

Шотландиялық клубты 6 гол айырмасын ұтамыз деген сеніммен алаңға шыққан «Астана» футболшылары қорғанысты ұмытып кетсе керек, өз қақпаларына үш гол жіберіп алды, есеп 4:3. Ал екі ойынның қорытынды есебі 8:4 - «Селтиктің» пайдасында.

«Астана» сапынан Патрик Твумаси қос голмен көзге түссе, Серікжан Мұжықов бір доп соқты. Сондай-ақ, шотландық Кристофер Айер ойын басында өз қақпасына бір гол соғып алған болатын.

Ал, «Селтик» сапынан Скотт Синклейр, Оливер Нчам және Ли Гриффитс қанжығаларын бір-бір голмен майлады.

«Астана» Еуропа Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама ала алмаса да биылғы маусымда Еуропа лигасында өнер көрсететін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео