$ 444.22  476.38  4.82

УНИВЕРСИАДА-2017: Денис Уланов Қазақстан қоржынына үшінші алтын медальді салды

Ауыратлет Денис Уланов Тайбэйде өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарының чемпионы атанды. Рио олимпиадасының қола жүлдегері 85 келі 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын.

Уланов аталған жарысқа негізгі фавориттердің бірі болып қатысқан. Алайда, алғашқы серпе көтеру сайысында ол тек бірінші мүмкіндігін ғана пайдаланып, 165 келіні бағындырды. Қалған екі мүмкіндігінде ол 170 келі тартатын зілтемірді көтере алған жоқ.

Екінші жұлқа көтеру сайысын Денис 200 келіден бастады. Бірінші мүмкіндігінде ол осынау салмақты бағындырғанымен, төрешілер оны санаған жоқ. Дегенмен, Уланов дәл сол зілтемірді екінші мәрте сенімді көтеріп, төрешілердің ойлануына да мүмкіндік бермеді.

Қос жаттығудың қорытындысы бойынша 365 келіні бағындырған Денис Уланов осылайша жарыс жеңімпазы атанып отыр. Бұған дейін Альберт Линдер мен Айдар Қозов та Қазақстан қоржынына бір-бір алтын медальдан салған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары