$ 439.43  473.31  4.82

Ольга Рыпакова "Гауһар лигасын" жеңіп алды

Цюрихте өтіп жатқан жеңілатлеттердің "Гауһар лигасында" қазақстандық спортшы, Лондон олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден чемпион атанды.

Рыпакова өзінің төртінші мүмкіндігін сәтті пайдаланып, 14,55 метрге секірді. Екінші орынды Венесуэла жеңілатлеті Юлимар Рохаз иеленсе (14,52 метр) үздік үштікті колумбиялық спортшы Катерина Ибаргуэн (14,48 метр) қорытындылады.

Еске салайық, Рыпакова жақында ғана Лондонда өткен әлем бірінішілігінде 14,77 метрге секіріп, үшінші орын иемденген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары