$ 479.38  531.63  5.27

Елдос Сметов әлем чемпионатының ширек финалынан аса алған жоқ

Дзюдодан Әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елдос Сметов Будапешт қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде ширек финалдан аса алған жоқ. Ол Әзірбайжан палуаны Орхан Ильхамоғлы Сафаровтан жеңіліп қалды деп жазады Vesti.kz.

Елдос ширек финалға дейін үш белдесуде қарсыластарынан басым түскен болатын. Алдымен ол Мозамбик аралынан келген Неусо Сигоканы жеңсе, келесі белдесуде бразилиялық Эрик Такабатакеден басым түсті. Ал, үшінші кездесуін ирандық Мұхаммед Рашнонежадпен өткізген Сметовтің мерейі тағы үстем болды. Дегенмен, жартылай финал жолдамасы үшін болған белдесуде жерлесіміз үш рет ескерту (ишидо) алып, ешқандай амал-тәсілсіз жеңілді.

Сондай-ақ, осы 60 келіге дейігі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен тағы бір қазақ палуаны Ғұсман Қырғызбаев та ширек финалда сүрінді. Ол чех Павел Петриковты жеңе алған жоқ. Енді Елдос та, Ғұсман да қола жүлде үшін болатын белдесулерде бақтарын сынайтын болады.

Айта кетейік, әлем біріншілігінің бірінші күнінде қазақстандық палуандардан тек 48 келіде әйелдер арасында өнер көрсететін Галбадрах Отгонцецэг ғана сәтті өнер көрсетіп жатыр. Ол Франческо Милани (Италия), Дарья Белодед және Ноа Минскер (Израиль) сынды қарсыластарынан басым түсіп, жартылай финалға жодама алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары