$ 441.58  480  4.86

Жанат Жақиянов пен Райан Барнеттің жекпе-жегін «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Кәсіпқой бокстан жеңіл салмақта WBA Super және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жанат Жақияновтың ирландиялық боксшы Райан Барнетпен өткізетін келесі жекпе-жегін «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсететін болды.

21 қазаннан 22-ші қазанға қараған түні Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласында өтетін ең басты жекпе-жекте жеңіл салмақтағы WBA Super және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов (27 жеңіс, 18 нокаут, 1 жеңіліс) пен IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы солтүстікирландиялық Райан Барнетт (17 жеңіс, 9 нокаут, жеңіліс жоқ) жұдырықтасады. Әлемдік бокс рейтингі бойынша Жақиянов 12-ші орында, ал Барнетт 5-ші болып тұр. Жанат Жақиянов WBA Super және IBO белбеулеріне 2017 жылдың ақпанында ие болса, Барнетт маусым айында IBF чемпиондық белбеуін жеңіп алған болатын. 

Сондай-ақ, боксшылар өздерінің чемпиондық белбеулерін жеңіске тігіп отыр. Ал жеңіске жеткен боксшы WBA Super және IBF чемпиондық белбеулеріне ие болады.

Бокс кешін «QAZSPORT» телеарнасы 21 қазаннан 22 қазанға қараған түні сағат 00:30-да көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары