Спорт 19.10.2017 сағат 04:21  590

«Астана» – «Маккаби» матчының жанкүйерлері үшін автобустар бөлінеді

19 қазанда футбол матчының өтуіне «Астана» – «Маккаби» командалары арасындағы ойынның жанкүйерлерін көлікпен қамтамасыз ету мақсатында «Астана Арена» стадионына дейін арнайы автобустар ұйымдастырылатын болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Футбол ойынын тамашалаймын деушілерді 19 қазанда сағат 19:00-ден 20:00-ге дейін «Қазақстан» СК, «Нұр Астана» мешіті, «Жастар» сарайы, «Астаналық цирк» тұрақтарында жинайтын болады.

Жүру құны – 90 теңге, жүру билеттері мен жеңілдігі бар билеттер жарамсыз болып табылады.

Айта кетейік, жанкүйерлерді қалаға апаратын автобустар да ұйымдастырылатын болады. Оларды қоғамдық көліктер сағат 22:30-да Қабанбай батыр даңғылындағы стадион тұрағы  мен «Астана Арена» аялдамасынан әкетеді. Бұдан басқа, жанкүйерлер қалаға № 10, 12, 28, 40, 51, 303 маршруттық автобустарымен де кері қайта алады.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар