$ 442.05  474.14  4.74

Головкин-Альварес арасындағы келесі жекпе-жектің трейлері шықты (ВИДЕО)

YouTubeвидео-порталындағы The Fight Game парақшасында мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы қарымта жекпе-жектің трейлері жарияланды.

Еске салайық, қазан айының басында Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) қос боксшыны жедел матч-реванш өткізуді міндеттеген болатын. Қазіргі таңда қос боксшының командалары келіссөздер жүргізіп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, қарымта кездесу келер жылдың 5 мамырында өтуі мүмкін.

Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жек биыл 16 қыркүйекте Лас-Вегас қаласында өткен болатын. 12 раундқа созылған кездесуде жеңімпаз анықталмай, төрешілер тең нәтиже белгілеген еді. Бұл қазақстандық боксшының алғашқы тең ойыны. Бұған дейін Геннадий Головкин 37 жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары