$ 474.72  515.17  5.58

Бекман Сойлыбаев чемпиондық белбеуін сәтті қорғады

Кәсіпқой бокстан екінші жеңіл салмақта Қазақстан намысын әлемде қорғап жүрген Бекман Сойлыбаев кезекті жеңісіне қол жеткізді. Шаршы алаңда әлі бірде-бір рет жеңілмеген жерлесіміз бүгін Лас-Вегаста мексикалық Фернандо Варгаспен кездесіп, ұпай санымен басым түсті.

Аталған жекпе-жекте 27 жастағы Бекман Сойлыбаев өзінің WBC International чемпиондық белбеуін қорғаған болатын. 10 раундқа созылған кездесу нәтижесінде төрешілердің барлығы бірауыздан жеңісті қазақ боксшысына ұстатты. Жекпе-жекті АҚШ-тың ең танымал телеарналарының бірі  саналатын ESPN тікелей эфирден көрсетті.

Айта кетейік, Сойлыбаевтың бұл кәсіпқой бокстағы 12-ші кездесуі. Жерлесіміз барлығында да жеңіске жеткен. Тәжірибелі Варгас болса 33 жекпе-жек өткізіп, оның төртеуінде жеңілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары