$ 443.37  474.49  4.83

Зарина Дияс WTA рейтингінде 4 сатыға төмендеді

Қазақтың теннисші қызы Зарина Дияс Дүниежүзілік әйелдер теннисті қауымдастығының (WTA) рейтингінде 4 сатыға төмендеді. Бұл туралы қауымдастықтың ресми порталында жазылған.

Биыл Қытайда өзінің алғашқы ITF-турнирін жеңіп алған отандасымыз аталған рейтингтің 62-ші орнынан 66-шы орнына дейін төмендеген. Оған себеп - Заринаның соңғы бірнеше жарыста сәтсіз өнер көрсетуі.

Ал, Қазақстанның өзге теннисші қыздары - Юлия Путинцева (53) мен Ярослава Шведова (291) рейтингтегі өз орындарын сақтап қалды.

Айта кетейік, көшті бұрынғыша румындық Симона Халеп бастап тұр. Екінші орынға испандық Гарбинье Мугуруса жайғасса, үздік үштікті чех Каролин Плишкова қорытындылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары