Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары спорттың 59 түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 270 – алтын, 252 – күміс, 268 – қола медаль жеңіп алып, төрт ай ішінде өңір қоржынына 800-ге жуық жүлде салды.
Соның ішінде жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттарында облыс спортшылары, 31-алтын, 23–күміс және 22-қола медальге қол жеткізсе, осы уақыт арасында өткен Әлем чемпионаттарында облыс спортшылары, 5-алтын, 2-күміс және 5-қола медальге ие болды.
Спорттың ел өміріндегі маңыздылығы ескеріліп, облыста жаңа заманауи нысандар ашылуда. Өткен жылдары Шымкент қаласындағы «Жеңіл атлетикалық спорт кешені», «Орталық су спорт кешені», Кешенді жоғары шеберлер мектебі мен «Садақ ату кешені» салынып, Қажымұқан атындағы орталық стадион аймағы спорт қалашығына айналды. Сондай-ақ, Түркістан қаласында жүзу бассейні, Қазақстан бокс федерациясының қолдауымен спорт кешені іске қосылды. Бүгінде байдарка мен каноэ, көркем гимнастика кешендерінің құрылыстары жүріп жатыр. Аталған нысандар биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Биылғы жылдың төрт айында халықаралық дәрежедегі 5 спорт шебері, Қазақстан Республикасының спортына 20 адам, спорт шеберіне үміткер 145 спортшы дайындалды.
Естеріңізге салсақ, былтыр оңтүстікқазақстандық спортшылар түрлі спорт түрлерінен мыңнан астам медаль жеңіп алған болатын.