$ 449.58  486.94  4.86

«Вест Бромвича» шабуылшысы доп тебемін деп қорғаушының аяғын теуіп сындырды (ВИДЕО)

Ағылшын Премьер лигасындағы «Вест Бромвич» футбол клубының шабуылшысы Соломон Рондон «Эвертонның» жартылай қорғаушысы Джеймс Маккартидің аяғын теуіп сындырды. Аталған жағымсыз сәттің видеосы YouTube видеопорталындағы Calcionoveball желісінде жарияланған.

Екінші таймның ортасында Рондон айып алаңына кіріп, допты қарсыластың қақпасына теппек болғанда, Маккарти оған кедергі келтірмек болды. Осы сәтті шабуылшының аяғы допқа емес, қарсыласының балтырына тиіп, жілікті морт сындырған. Осылайша абайсызда жартылай қорғаушыны майып қылған Рондон өкіріп жылап, ұзақ уақыт өз-өзіне келе алған жоқ.

Ал, аталған матч болса 1:1 есебімен тең аяқталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары