$ 447.4  477.55  4.76

Криштиану Роналду Лионель Мессиді «нашар ойыншы» деп бағалады (ВИДЕО)

Мадридтік «Реал» шабуылшысы Криштиану Роналду футболдағы өзінің басты бәсекелестерінің бірі Лионель Мессиге («Барселона») «нашар ойыншы» деген баға берді деп жазады Marca.

Кеше Испания чемпионатының 20 туры аясында мадридтік команда «Депортивомен» кездескен болатын. Алаңға шығар алдында футболшылармен еріп жүретін кішкентай балалардың бірі Роналдуға: «Мен үшін әлемдегі ең мықты футболшы сенсің, ал Месси...» дей бергені сол екен, Роналду оның сөзін әрі қарай: «ал Месси — нашар футболшы» деп, өзі жалғай салды.

Айта кетейік, Роналду да, Месси де «Алтын доптың» бес-бестен иегері атанған. Соңғы он жылдан бері қос футболшы осынау трофейді ешкімге бермей кезек-кезек жеңіп келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары