$ 444.14  477.05  4.85

Пхенчхан-2018: Денис Тен финалға шыға алмады

Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан XXІІІ қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарламада өнер көрсеткен Денис Тен жарыс жолынан шығып қалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, ол бүгін қысқа бағадарламада өнер көрсетіп, 70,12 ұпай жинаған болатын. Өкінішке қарай, мұз айдынға төртінші болып шыққан отандасымыз үздік 24 спортшының қатарына іліне алмай, 27 орынды місе тұтты. Енді, еркін бағдарламада Тен жарыс айдынына шықпайды.

Еске салайық, Денис Тен Сочи олимпиадасының қола жүлдегері. Ол Кореяда өтіп жатқан олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына медаль салады деп болжанған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары