$ 443.44  480.51  4.88

Австралиядағы жарыста қазақстандық гимнастың қолы сынып кетті (ВИДЕО)

18 жастағы қазақстандық гимнаст Милад Карими Мельбурн қаласында өтіп жатқан әлем кубогінде ауыр жарақат алды деп жазады Vesti.kz.

Карими өзіне ота жаслағаннан кейін ауруханада жатып, оқыс оқиғаның видеосын өзінің Instagram парақшасына жүктеді. "Даусын естіңіздер. Бұл менің жағымның емес, қолымның сынған дауысы. Қолдау білдіргендеріңіз үшін баршаңызға рахмет. Бүгін ота жасалды, сүйектерді қайта құрастырды", - деп жазды ол.

Ол сондай-ақ, өзі үшін спорттық маусымның аяқталғанын да мәлімдеді. "Үш жүзінші. Барлықтарыңызға рахмет. Міне маусым аяқталып қалды. Үш рет сынды", - дейді спортшы.

Айта кетейік, былтыр Карими Қазақстан ұлттық құрамасының сапында әлем кубогінің күміс жүлдегеріп атанған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары