Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF чемпиондық белбеулерінің иесі қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен осы белбеулерге үміткер мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) 5 мамырда өтетін жекпе-жектің алдында бетпе-бет кездесті.
Боксшылардың кездесуі Лос-Анджелестегі баспасөз мәжілісі аясында ұйымдастырылған. Дәл қазір қос боксшы журналистеримен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап беріп жатыр.
АҚШ уақытымен 28 ақпанда Головкин-Альварес жекпе-жегінің билеттері ашық сатылымға шығады. Бокс кешінің өзі болса 5 мамырға жоспарланған. Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтетін кездесудің билеттері 300-5000 доллар аралығында болмақ.
Еске салайық, былтыр қыркүйекте қос боксшы алғашқы кездесуін өткізіп, төрешілердің шешімімен тең тарқасқан болатын.