51 жастағы болгар маманы Станимир Стойлов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері боп тағайындалды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен федерацияның жиынында мәлім болды.
Еске салайық, бұрынғы бапкер Александр Бородюк 22 қаңтарда отставкаға кеткеннен кейін Ұлттық құрама бапкерсіз қалған болатын. Ресей маманы Қазақстан футболшыларын 1 жылға жуық уақыт жаттықтырды. Осы аралықта команда 7 матч өткізіп, оның алтауында жеңіліп қалған. Қалған бір ойынды тең өткізді.
Ал, Станимир Стойлов болса 2014 жылдың маусым айынан бері "Астана" футбол клубын жаттықтырып келеді. 8 қаңтар күні ол осы клубпен келісімшартын создырған еді.
Стойловпен бірге "астаналық" футболшылар Қазақстан чемпионатын 4 рет жеңіп алды. Сондай-ақ, 2015 жылы қазақ футболының тарихында тұңғыш рет Еуропа чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Келер жылы осы жетістігін қайталаған жерлестеріміз артынша Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсетіп, 1/16 финалында жеңілді.