$ 443.37  474.49  4.83

800 млн теңге жалақы: ҚФФ Станимир Стойловтың еңбекақысына қатысты түсініктеме берді

Қазақстанның футбол федерациясы БАҚ көздерінде айтылған ел құрамасының жаңа бапкері Станимир Стойловтың жалақысы туралы ақпаратты жоққа шығарды деп жазады sputniknews.kz.

"Бірқатар БАҚ-та пайда болған ұлттық құраманың жаңа бапкері Станимир Стойловпен жасалған шарттың сомасы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", — делінген федерация мәлімдемесінде.

Бұдан бұрын кей басылымдар болгариялық маман Қазақстан құрамасын жаттықтырғаны үшін жылына 800 миллион теңге алады деп жарыса жазған еді. 

Стойловтың Қазақстан ұлттық құрамасымен келісімшарты екі жылға бекітілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары