$ 444.14  477.05  4.85

Қуат Хамитов «Алаш прайд» клубынан кетті

Танымал қазақстандық ережесіз жекпе-жек спортының шебері Қуат Хамитов «Алаш прайд» клубынан кетті. Бұл туралы ол Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.

– Қымбатты достарым, «Алаш прайд» клубынан кететінім туралы ресми түрде хабарлағым келіп отыр. Енді ММА ареналарында бұл клубтың атынан шықпаймын. Клубқа барлығы үшін рахмет! Алдағы уақытта Қазақстан үшін ғана шығамын. Мүмкін, «Naiman team» атты жеке клубымды ашатын шығармын, - деп жазды Қ.Хамитов.

Бірақ, спортшы клубтан кету себебін нақты айтқан жоқ.

Бұған дейін хабарланғандай, 2014 жылдың желтоқсан айында Қ.Хамитов әлемдегі ең үздік ұйымдардың бірі - ONE FC-мен келісімшартқа қол қойып, ММА әлемдік аренасына өткен Қазақстанның бірінші спортшысы болды.

Айта кетейік, ONE FС - 2011 жылы Сингапурда құрылған Азиялық спорттық ұйым.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары