$ 494.87  520.65  4.91

«Ордабасы» қарызын төлей алмағаны үшін Еуропа лигасынан шеттетілді

Шымкенттік "Ордабасы" клубы Еуропа лигасында ойнау құқығынан айырылды деп жазады Vesti.kz. Мұндай шешім "Клубтарға сертификат беру ережесі және УЕФА турнирлеріне қатысу үшін қаржылық фэйр-плей ережесін сақтау" бойынша өткен Сертификат беру комиссиясының отырысында қабылданды, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты.

Сондай-ақ отырысын барысында келесі шешімдер қабылданды:

- 2018/19 маусымда УЕФА ұйымдастыратын турнирлерге келесі клубтарға сертификат берілді:

"Астан" футбол клубы (Астана қаласы);

"Қайрат" футбол клубы (Алматы қаласы);

"Ертіс" футбол клубы (Павлодар қаласы).

- Қаржылық ережелерді сақтамағаны үшін "Ордабасы" клубына 2018/19 маусымда УЕФА ұйымдастыратын турнирлер сертификат беруден бас тартылды.

- 2018/19 жылғы УЕФА ұйымдастыратын турнирлерге қатысу үшін "Тобыл" клубына сертификат беру мақұлданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары