Бүгін Ресейде футболдан әлем чемпионаты жалауын көтерді. Мундиальдің бірінші матчы алаң иелері Ресей ұлттық құрамасы мен Сауд Арабиясы футболшыларының арасында өтті.
"Лужники" стадионында болған ойында Черчесов шәкірттері арабтардың қақпасына жауапсыз 5 гол соғып, чемпионаттағы алғашқы ұпайларына қол жеткізді. Бірінші голды қарсыластар қақпасына 12-минутта жартылай қорғаушы Юрий Газинский соқса, 43-минутта шабуылшы Денис Черышев есепті еселеді. Ол ойынға жарақат алған Алан Дзагоевтың орнына шыққан болатын.
Қалған үш гол екінші таймда соғылды. 73-минутта Артем Дзюба тура соққысымен көзге түссе, төреші қосқан қосымша уақытта алдымен Черышев, артынша Головин қанжығаларын майлады.