$ 498.34  519.72  4.85

Головкин-Альварес жекпе-жегі 15 қыркүйекке белгіленді

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы қарымта жекпе-жек 15 қыркүйекке белгіленді.

Екі тарап арасындағы келісім туралы Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя ресми мәлімдеді. "Қуаныштымын, жекпе-жек 15 қыркүйекте болады #CaneloGGG2", - деп жазды ол өзінің Twitter-парақшасында. Айта кетейік, бұл күні мексикалықтар тәуелсіздік мерекесін атап өтеді.

Айта кетейік, қос тарап келісімге келу үшін 1,5 сағат көлемінде саудаласқан. Бұған дейін Де Ла Хойя ESPN телеарнасына сұхбат беріп, қарымта жекпе-жектің болмайтынын айтқан еді. Алайда, 5 минуттан кейін Головкин мен Альварес өкілдері оңаша қалып, келіссөздерді әрі қарай жалғастырды.

Ал, бір тәулік бұрын мексикалық боксшының промоутері GGG командасына соңғы рет ұсыныс айтатынын, егер оған көнбесе мұнан кейін қарымта матчтың болмайтынын мәлімдеген. Олар түскен табысты 57,5/42,5 (Альварес/Головкин) пайыздық үлеспен бөлу керек деген талап қойды. Головкиннің командасы бұл талаппен келіскен секілді.

Әзірге жекпе-жектің өтетін орны жарияланған жоқ. Бұған дейінгі бірінші кездесу Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өткен болатын. Ол кезде жекпе-жек 12 раундқа созылып, жеңімпаз анықталмаған еді, яғни тең ойнады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары