$ 480.55  533.75  5.36

Бейбіт Шүменов кезекті жекпе-жегіне дайындық үстінде

Кәсіпқой бокстан жартылай ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы қандасымыз Бейбіт Шүменов америкалық боксшы Би Джей Флореспен өтетін кездесуге дайындалып жатыр деп хабарлайды Boxingscene.com. 

25 шілде күні жерлесіміз АҚШ-та кезекті жекпе-жегін өткізеді деп жоспарлануда. Оның қарсыласы 34 жастағы Флорес шаршы алаңда 33 жекпе-жек өткізіп, оның 31-де жеңіске жеткен (20 нокаут).

Қос боксшы арасындағы кездесу өткен айда орын алуы керек болатын. Алайда, Шүменовтың жарақатына байланысты ол кейінге қалдырылды. Екеуінің қай жеңгені WBA нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы атағына ие болады. Сондай-ақ, әлем чемпионы ресейлік Денис Лебедевпен кездесуі мүмкін. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары