$ 443.44  480.51  4.88

«Қайрат» Арменияға кетті

Бүгін «Қайрат» футбол командасы Еуропа Лигасының екінші біліктілік кезеңінде еревандық «Алашкертпен» қарымта кездесу үшін Арменияға кетті, деп хабарлады sport.kz. 

Бір апта бұрын өз алаңында алматылықтар қонақтар қақпасына 3 гол соққан болатын. «Алашкертпен» қарымта ойын Ереванда 22 шілдеде сағат 21:00-де өтеді.

Өткен аптада Еуропа Лигасы үшінші біліктілік раундының жеребесі болды. «Алашкертпен» ойынды ойдағыдай аяқтаған жағдайда алматылықтар хорватиялық «Риекамен» немесе шотландиялық «Абердинмен» кездесетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары