Қазақстанның Футбол федерациясы бақылау-дисциплинарлық комитетінің отырысында «Ордабасы» футбол клубына 1,2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұған Премьер-Лигадағы «Ертіс» футбол клубымен ойыны себеп болды деп жазады Sports.kz.
«Ордабасы» футбол клубына 1200000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Мұндай шара қолдануға клубтың бас жаттықтырушы В.Кумыков ФФК тарапынан матчтың ресми өкілдерінің баға беру әрекетін күтпестен ойыннан кейінгі баспасөз мәслихаты кезінде көпшілік алдында баға беруі себеп болды», — деп жазылған ФФК хабарламасында.