$ 443.44  480.51  4.88

23 дүркін әлем чемпионы атанған спортшы жоғалып кетті

Ресейде Фридайвинг федерациясын басқаратын 53 жастағы Наталья Молчанова із-түзсіз жоғалған деп есептеліп отыр.

Испаниядағы Форментера аралында Ла Савинья порты маңында ол командасымен бірге су астына, 40 м тереңдікке түскен. Спортшылардың айтуынша, қаға беріс сәтте Наталья топтан бөлініп, көрінбей кеткен. Содан бері оны таба алмай жатыр.

Іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда, алайда еш нәтиже жоқ. Наталья Молчанова фридайвинг шебері. Ол 23 рет әлем чемпионы атанып,  41 рет әлемдік рекорд орнатқан. Спортшы су астында 9 минут дем алмай тұра алатын алғашқы әйел атанды, деп жазды planet-today.ru.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары