$ 494.87  520.65  4.91

АЗИАДА-2018: Боксшы Назым Қызайбай да жеңіліп қалды

Бокстан әйелдер арасында екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай (51 кг) Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалына шыға алмады деп жазады Азаттық. Ол ширек финалда тайпейлік Ли Юйтиннен жеңілді. Қызайбай 2014, 2016 жылы 48 келіде әлем чемпионы атанған.

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Джакартада жүлдесіз қалды. Бұған дейін Римма Волосенко мен Сания Сұлтанқызы ширек финалда жеңілген. Әйелдер боксынан Азия ойындарында тек үш салмақ бойынша медальдар сарапқа салынып жатыр.

Азия ойындарының алдында бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Вадим Присяжнюк "медальсыз қайтпаймыз" деген.

Қазір Қазақстан 8 алтын, 9 күміс, 30 қоламен жалпы есепте 11-орында келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары