$ 442.05  474.14  4.74

Азия ойындарында Қазақстан боксшылары алтынсыз қалды

Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл 75 келі салмақта Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ол финалда өзбекстандық Исраил Мадримовтан жеңілді деп жазады Азаттық.

Аманқұл мен Мадримов 2017 жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатының жартылай финалында боктасып, 5:0 есебімен Өзбекстан боксшысы жеңген. Мадримов – Ташкенттегі Азия біріншілігінің чемпионы.

22 жастағы Әбілхан Аманқұл 2017 жылы Гамбург қаласында (Германия) өткен әлем чемпионатының финалында украиналық Александр Хижняктен жеңіліп, күміс жүлдеге ие болған.

Айта кетейік, Азия ойындарына барған қазақстандық боксшылардың тек екеуі ғана финалға шыққан болатын. Бұған дейін 69 келі салмақта өнер көрсеткен Асланбек Шымбергенов те ақтық кезеңде өзбек боксшысына жеңіліп, күміс медальды місе тұтқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары