$ 498.34  519.72  4.85

Шәкімова чемпион атанды

Қытайдың Уланчабу қаласында бокстан қыздар арасында Азия чемпионаты аяқталды. Финалда өнер көрсеткен жалғыз отандасымыз Дариға Шәкімова чемпион атанды.

Қазақстандық боксшы 75 келіге дейін салмақта топ жарды. Ол финалда қытайлық Ли Кюаньға еш мүмкіндік бермей, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Дариға осымен екінші рет Азия чемпионы атанып отыр. Бұған дейін 2010 жылы 69 келі салмақта жеңіске жеткен. 

Азия чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан 1 алтын, 3 қола еншіледі. Үшінші орынға ие болғандардың қатарында Гаухар Ермекбай (69 келі), Мөлдір Базарбаева (81 келі) и Ләззат Күнгейбаева ( +81 келі) бар.

айта кетейік, Дариға Шәкімова 1988 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазіргі кезде Алматы қаласының атынан қатысып жүр. Жеке бапкері – Вадим Присяжнюк. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары