$ 440.92  475.36  4.82

Абель Санчес: Коттомен кездесуден гөрі Альвареспен жекпе-жек өткізу маңыздырақ

BA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазақстандық үшін Мигель Коттомен кездесуден гөрі Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізу маңыздырақ екенін айтты, деп хабарлады Sports.kz.

Санчестің айтуынша, Головкин үшін Канеломен жекпе-жек өткізу маңыздырақ екен. Себебі оның фанаттық базасы көбірек.

Сонымен бірге бапкер АҚШ-тың оңтүстік бөлігінде бұл жекпе-жек үлкен оқиға болатынына да сенімді.

“Егер Канело Коттоны жеңсе, онымен кездесу маңыздырақ болады. Егер Котто Канелоны жеңсе де, Канеломен жекпе-жек өткізу маңыздырақ болады, өйткені оның кездесулеріне адамдар көбірек барады”, – деген Санчестің сөздерін Boxing Scene келтірді.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары