$ 494.87  520.65  4.91

GGG командасы Сауль Альваресті үшінші жекпе-жекке көндіре алмай жүр

Даңқты қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен үшінші жекпе-жекті өткізгісі келетінін жасырмай айтты деп жазады Sports.kz.

Жерлесіміздің промоутері Том Леффлер Головкиннің рингке Альваресті тағы бір рет алып шыққысы келетінін айтқан. Алайда, үшінші жекпе-жектің қайда болатыны әлі жоспарланбаған көрінеді.

«Ол өзінің барлық титулын бәске бір рет емес, екі рет тікті. "Канело" болса өз өмірінде ең ірі екі гонорарына ие болды. Яғни, жанкүйерлер бұл жекпе-жекті қалап тұрса, боксшылар ірі көлемде гонорар алып жатса онда үшіншісін де өткізу керек", - дейді Леффлер.

Оның айтуынша, GGG командасы Golden Boy командасымен жиі байланысып, үшінші матч туралы келіссөздер жүргізіп жатқан көрінеді. Алайда, нақты шешімге екі тарап та келе алмапты.

Еске салайық, қыркүйекте өткен қос боксшы арасындағы соңғы жекпе-жекте төрешілер шешімімен Сауль Альварес жеңіске жеткен болатын. Ал, былтырғы бірінші кездесуде тең нәтиже тіркелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары