$ 480.55  533.75  5.36

Головкин әлемдегі ең үздік боксшылардың тізімінде екінші орынға көтерілді

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин Pound-for-Pound рейтингінде екінші орынға көтерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, рейтинг салмақ дәрежесіне тәуелсіз әлемдегі ең үздік боксшыларды анықтайды.

Порталдың мәліметінше, Головкиннің екінші орынға көтерілуіне америкалық Флойд Мейвезердің мансабын аяқтауы себеп болған. Еске сала кетейік, кіші Мейвезер соңғы жекпе-жегін 12 қыркүйекте Лас-Вегаста Андре Бертоға қарсы өткізген болатын. Бұл кездесуде де жеңіске жеткен америкалық боксшы мансабында бірде-бір рет жеңілмеді.

Boxrec.com рейтингінде Владимир Кличко көш бастап тұр. Екінші орында Геннадий Головкин болса, үштікте мексикалық спортшы Сауль "Канело" Альварес бар.

Айта кетейік, Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында болады. Ол Давид Лемьемен жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары