«Еуразия Барысы» үшінші халықаралық турнирі Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында 9 қазанда сағат 11:00-де басталады.
Боз кілемге Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Польша, Ресей, Түркия, Өзбекстан палуандары шығады. Әр команда бапкер мен жеті палуаннан тұрады.
Салмақ санаттары: 55 келіге дейін, 66 келіге дейін, 74 келіге дейін, 82 келіге дейін, 90 келіге дейін, 100 келіге дейін, +100 келі.
«Еуразия Барысы» турнирінің телевизиялық көрсетілімі әлемнің 126 елінде миллондаған көрермендер алдында 7 сағат көрсетіледі.
Турнирді халықаралық «ТРТ Аваз» (Түркия) және «Боец» (Ресей) арналары трансляциялайды. Қазақстандық жанкүйерлер «Қазақстан» және «Қазспорт» арналарынан тамашалай алады деп хабарлайды sports.kz.