$ 498.34  519.72  4.85

Өзбек Гафур Рахимов AIBA президенттігінен бас тартты

Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) президенті - өзбек кәсіпкері Гафур Рахимов қызметінен бас тартатынын мәлімдеді. Бұл туралы AIBA-ның ресми сайтында.

"Мен AIBA президенттігінен кететінім туралы қауымдастықтың атқарушы комитеті мүшелеріне ескерттім. Мен атқарушы комитет мүшелерін телеконференция арқылы жинап, президент міндетін атқарушы тұлғаны сайлау керектігін айттым", - деді Рахимов.

Ол сондай-ақ, осыған дейін өзіне тағылған айыптардың барлығы жала екенін және саяси астары бар екенін айтты. 

Айта кетейік, Гафур Рахимов AIBA президенті болып 2018 жылдың қараша айында сайланған болатын. Оған сайлауда қазақ Серік Қонақбаев басты бәсекелес болды. Сайлау алдында Халықаралық олимпиада комитеті Гафур Рахимовтың президент болуына ашық қарсылығын білдіріп, әуесқой боксты олимпиада бағдарламасынан алып тастауы мүмкін екенін ескерткен еді. Өйткені, өзбек кәсіпкері АҚШ-тың Қаржы министрлігі әзірлеген санкциялық тізім құрамында бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары