Әлемдік додада өнер көрсеткен Шымкент қаласының спортшысы Ғалымжан Темірбаев екі бірдей алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар Салтанат Сапарбекова күміс медаль иеленгенін айта кетейік. Ал, Ғалымжан Темірбаевтың бапкері Айгерім Қуанышбаева, түріктердің осы ойынға ұқсас Мангала деп аталатын сайысында қола медалді жеңіп алды.
Жеңімпаз атанған спортшылар, Нұрлан Жабаев басқаратын Шымкент қаласының ұлттық және ат спорты түрлері бойынша кешенді спорт клубының саңлақтары. Осы жеңісіне орай чемпиондарға құрмет көрсетілді. Ұлттық өнеріміздің жанашыры, белгілі меценат «Қаржантау» ЖШС директоры Алихан Батырханұлы Амалбаев елімізді әлемге танытып келген топжарған спортшыларға қаржылай сертификаттарды табыс етті. Алдағы жарыстарда да мерейлі болуына тілектестігін білдірді.
«SN.kz» - ақпарат»