$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте жасөспірімдерді барынша спортқа тарту қолға алынып жатыр

Саламатты ұрпақпен үлкен жетістікке ұмтылмақ. 1 маусым – балаларды қорғау күні аясында қалалық №1 балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде «Дені сау ұрпақ – болашаққа нақты қадам» атты шарасы ұйымдастырылды. Мақсат – спортқа бейімдеу арқылы балалардың өмірге деген қызығушылығын ояту.

Ашық есік күні білім ошағына жиналған оқушылар мен олардың ата-аналары мектептің жетістіктері және оқуға түсу, білім алу мүмкіндіктері жайлы кеңес алды. Шара барысында қаладағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларына спорт мектебінің тәрбиеленушілері сахналық көріністерін ұсынды. Онда кикбоксинг, дзюдо, таевкондо, еркін күрес, әйелдер күресі, бокс, грек-рим күресі, каратэден жас спортшылар ерекше трюктер көрсетті. 
Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Серік Кәрібаевтың айтуынша, бүгінде спорт мектебіндегі 8 бөлімде 44 жатықтырушы 1032 спортшыны тәрбилеуде.

Аталған мектеп чемпиондар шығаруда бәсі биік. Белоруссияда өткен таевкондодан әлем кубогінің 7 бірдей чемпионы, Азияда ойындарының күміс жүлде иегері дюздошы Севара Нишанбаева мектептің мақтанышына айналған. Дархан Асадилов, Азамат Марат, Әділет Абуарира сынды спортшылар биыл ел намысын әлем чемпионатында қорғамақ.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары