Спорт 03.06.2019 сағат 17:01

Шымкентте су спортынан ел чемпионаты аяқталды

Шымкент қаласында Жастар жылына орай суға жүзуден жасөспірімдер арасында ел чемпионатының көрігі қызды. Орталық су спорты кешенінде өткен жарысқа еліміздің ірі қалалары мен барлық облысынан 17 командада 300-ден астам спортшы қатысты.
Шымкентте су спортынан ел чемпионаты аяқталды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ел чемпионаты «ВАР» тәсілімен өткізілді. Яғни көмекке видео көрсетілімі ұсынылады. Ондай жарыстар әділ өтетіні белгілі. Апта бойына жалғасқан жарыс барысында жасөспірімдер арасындағы ел құрамасына мүше спортшылар анықталды. Эстафеталық жарыста алматылықтарға тең келер спортшы болмады.

Жалпыкомандалық есепте еліміздің бас үш қаласы жүлделерді өзара бөлісті: 1. Алматы қаласы. 2. Нұр-Сұлтан қаласы. 3. Шымкент қаласы. Құрама сапында жекелей сында бас жүлде алған шымкенттік Максим Сказобцов, Әділ Тілемісов, Дмитрий Ефремов, Нұрдәулет Абжаппаров құрамаға мүше болып алынды. Енді жеңімпаздар ел құрамасы сапында әлемдік сайыстарға қатысып, республика намысын қорғайтын болады.

«SN.kz»-ақпарат.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар