$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте үш дүркін әлем чемпионы балалармен кездесу өткізді

Жауынгерлік самбодан әлемнің үш дүркін чемпионы, аралас жекпе-жек файтері – Арман Оспанов ізбасарларымен кездесті. Кездесуде чемпион жетістік жолымен бөлісіп, балаларға білгенін үйретті.

Нұрәділ 15 жаста. Кішкентайынан самбо үйірмесіне қатысады. Қазір осы спорт түрінен жарыстарға барып, шеберлігін шыңдап жүр. Мақсаты:  Арман Оспанов ағасындай чемпион болу. Сол үшін Шымкенттегі ММА академиясына келіп жаттығады. Бүгін үлгі тұтатын спортшысының өзін жаттықтырғаны ол үшін үлкен қуаныш. Әлем көз тіккен чемпионның залға келуі жас спортшылар үшін тосын сый болды.  Нұрәділ Момын – жас спортшы: «Кішкентайымнан Арман ағаға ұқсауды қалайтынмын. Бүгін клубқа келіп, бізді қуантып жатыр. Өскенде мен де чемпион боламын»,-дейді.

Арман Оспановқа жанкүйерлері «Жеңілмес сұңқар» деген лақап таққан. Спорт шебері енді өзінің жеңіс әкелетін осы айла-тәсілдерін кейінгі толқынға үйретуде. Кездесу ерекше форматта өтті. Әлемдік додаларда ел намысын қорғап жүрген чемпион әр балаға жеке көңіл бөлуге тырысты.

 Арман Оспанов – ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері: «Балалар өте талантты және еңбекқор. Бұл – ең маңыздысы. Әлемдік деңгейге шығатын мықтылап өсіп келе жатыр. Бүгінгі кездесуімдегі мақсат, алып күшті шаршы алаңда ғана көрсетуді інілеріме ұғындыру».

 Кездесуге ММА академиясының негізін қалаушылар да қатысты. Ондағы мақсат балалардың қарымын байқап, қадамына қолдау көрсету. Чемпионмен бетпе-бет жүздескен жас спортшылар риза. Кездесуге балаларын ертіп, аңыз спортшыны көруге жерлестері де келді. Шара соңында қатысушылар самбо сұңқарынан қолтаңба алып, естелік суретке түсті.  

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары