$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте бокстан жасөспірімдер арасында ел біріншілігі басталды

Шымкент қаласындағы Қарабастау тұрғын алабында бокстан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының ашық біріншілігі басталды. Бірінші рет жалауы көтерілген турнир Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Түркістан облысының «Құрметті азаматы» Мырзағали Айтжановтың жүлдесіне арналып отыр. Турнирге елімізден 9-ға команда қатысып, бақ сынауда.

Шаршы алаңдағы бокс бәсекесіне республикамыздан Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы, Шымкент, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облысы және  Қарабастау мөлтек ауданының былғары қолғап шеберлері қатысып, ринг көркін қыздыруда. Турнирге қатысушы спортшылар 3 жас ерекшелігі бойынша мықтыларды анықтайтын болады. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Мырзағали Айтжанов бұл додалы жарысты жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан, бірқатар өзінің шәкірттерімен ауылдастарына ризашылығын білдірді.

- Бокстан жасөспірімдер арасында тұңғыш рет ұйымдастырылған республикалық жарысқа 160 жуық спортшы қатысып, 20 салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын болады. Турнирге арнайы шақырту алған бокстан халықаралық дәрежедегі  АИБА төрешісі, Лондон, Рио олимпиадаларында төрелік еткен  Рахымжан Рысбаев мұндай турнирлердің көптеп өтуі қазақ елінің болашақ жастарына берер пайдасы мол-дейді Мырзағали Айтжанов.

Аламан жарыста Шымкент қаласы Қарабастау шағынауданының намысын 26 келіде Әбіжаппар Амантай, Жасар Абдиров, 30 келіде бақ сынайтын Нұрдаулет Сайфулла сынды болашағынан мол күттіретін жігіттер қорғайды. Турнир жеңімпаздары маусымның 16-шы жұлдызында белгілі болады.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент #Бокс