$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте БАҚ өкілдеріне арнап спорттық сайыс ұйымдастырылды

БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті спорттық сайыс ұйымдастырды. Төтеншеліктер күнде жасайтын жаттығуды тілшілер жасап жүйріктер анықталды.

Төтеншеліктердің тірлігін қайталау тілшілер қауымына оңай соқпады. Дегенмен қалам ұстаған қауымда қауіпті жаттығуды қайталаудан жасқанбады.  Өртке қарсы ауыр киімді киіп  жылдамдыққа жүгірді. Гидрант жабдықтарын арқалап, сатымен жоғары өрмеледі. Осылайша БАҚ өкілдері бұл салада да құр алақан емес екендігін дәлелдеді. - Өздеріңіз көріп жатқандай бүгін мына келе жатқан БАҚ құралдарының журналисттердің кәсіби мерекесіне сәйкес спорттық сайыс қызып жатыр. Мақсат журналисттерге біздің қызметтің жауапкершілігін сезіндіру - дейді Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрболат Дербісов.

Спорттық ойында журналистер  жаттығудың үш түрі бойынша сайысты.  Бірінші жылдамдыққа  киініп 100 метрге жүгірді. Екінші кезеңде сатыға өрмеледі. Үшінші сайыста өрт сөндіру құралдарын жылдамдыққа құрады. Жарыста 6 команда бақ сынасты. Байқау шарты бойынша командада  екі жігіт бір қыз болу керек. Алайда «Хабар 24» телеарнасы мен «Оңтүстік -Рабат» командасы тек жігіттер құрамымен жарысты. Байқау қорытындысы бойынша «NAR» телеарнасы командасы 1 орынды иемденді. Департамент ұйымдастырған спорттық сайыста ешкім жүлдесіз қайтпады. Жарысқа қатысқан барлық командаларға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Бастысы  мекемелер арасындағы өз ара ынтымақтастық нығайды. 

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары