$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте жедел жәрдем қызметкерлері арасында жарыс өтті

Шымкент қаласындағы «Орталық саябақта» Медицина мамандарының кәсіби мерекесіне орай жедел-жәрдем қызметкерлері арасында жарыс өтті. Ашық алаңда жарысқа түскен мамандар кәсіби біліктілігін көрсетіп, өзара мықтыларын анықтады.

Жедел жәрдем бригадалары арасындағы сайыс медицина қызметкерлері күні мен Шымкент қаласының Республикалық маңызы бар қала мәртебесін алған күніне орайластырған. Негізгі мақсат күн – түн демей, тыным таппай халыққа қызмет ететін денсаулық сақшыларының кәсіби біліктілігін арттыру. Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 86 бригада қалыққа жедел қызмет көрсетеді. 100 пайыз сандық жүйеге көшкен. Бригадалардағы мамандардың барлығы смартфонмен қамтылып, медициналық қызмет көрсету электронды жүйеге көшті.

- Бір жыл бұрын емханаларда жедел – жәрдем көрсету бөлімдері ашылған. Бүгінгі таңда 5 емханада 5 жедел – жәрдем бригадалары қосылды. Негізгі мақсатымыз жұмысымызда қандай қиыншылдықтар болып жатыр, қандай жерлерді дұрыс жасамай жатырмыз немесе жедел жасамай жатырмыз. Сол біздің негізгі жұмыстарымызды көрсетіп жатырмыз – дейді Шымкент қалалық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері  Гүлнәр Құрманбекова.

Адам өміріне араша түсетін ақ халаттылар жарыста түрлі ситауциялық жағдайларда кездесетін тапсырмаларды практика жүзінде орындап, қайғылы оқиғалар кезінде жылдам әрі сапалы көмек көрсету шеберліктерін ортаға салды. Жедел-жәрдем қызметкерлері  жол апаты орын алған жерге тездетіп  жетті. Зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетті. Дер кезінде дұрыс көрсетілген алғашқы қызмет науқастың тағдырын шешуі мүмкін. Сондықтанда бұл мамандарға артылар жүк ауыр.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары