Биыл дәстүрлі спорт сайысына Арыс, Түркістан қаласы, Созақ ауданының командалары да қатысып, белсенділік танытты. Салтанатты шарада Қазақстан Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының төрайымы Айгүл Қапбарова, Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай, Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Кеуенова сөз сөйлеп, әріптестерге жүлделерді табыс етті.
Сонымен, үш күнге созылған жарыстың жеңімпадары мен жүлдегерлері анықталды. Жалпыкомандалық есепте 4 алтын, 1 күміс, 3 қола иеленген Оңтүстік телеарнасы үздік шықты. Ернұр корпорациясы екінші орынға (4 алтын, 1 күміс, 1 қола) жайғасса, үздік үштікті Рейтинг-Собкор командасы (3 алтын, 5 күміс, 3 қола) түйіндеді. Бәсекеде бағы жанғандар дипломдармен, кубоктармен және қаржылай сыйақымен марапатталды.
«SN.kz» - ақпарат»